Қоғам

 2019 жылдың мамыр айында қазақстандықтар қанша күн демалады?

© Sputnik / Тимур БатыршинАлматылықтар, архивтегі фото
Алматылықтар, архивтегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Мамыр айындағы демалыс күндерінің бірі кейін шегерілді

НҰР-СҰЛТАН, 3 сәуір — Sputnik. 2019 жылдың мамыр айындағы демалыстар күнтізбесіне үкіметтің 2018 жылдың 26 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес өзгерту енгізілген.  

Наурыз - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстандықтар 2019 жылы қанша күн демалады?
"2015 жылдың 23 қарашасынан күшіне енген Еңбек кодексінің 85-бабы 3-тармағына сәйкес, Қазақстан үкіметі 2019 жылдың 4 мамыры – сенбі күнгі демалысты 2019 жылдың 10 мамырына ауыстыруға қаулы шығарды", — делінген еліміздің нормативтік-құқықтық актілерінің Ақпараттық-құқықтық жүйесінің сайтында жарияланған құжатта.

Осылайша Жеңіс күні – 9 мамырдан бастап қатарынан төрт күн (9-12 мамыр) демалыс беріледі, 2019 жылдың 4 мамыры, сенбі – жұмыс күні.   

Сондай-ақ қазақстандықтар  1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні (сәрсенбі) мен 7 мамыр – Отан қорғаушы күнінде (сейсенбі) қосымша демалыс алады.

Жалпы алғанда мамырдағы 31 күннің 11-і демалыс болады.

Жаңалықтар
0