Қоғам

Президенттің атынан жалған ақпарат таратылып жатыр - Тоқаевтың баспасөз хатшысы

© Sputnik / Григорий Сысоев / Медиабанкке өтуҚасым-Жомарт Тоқаев
Қасым-Жомарт Тоқаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әлеуметтік желіде Қасым-Жомарт Тоқаевтың атынан коммерциялық мақсатта жалған парақшалар ашылған

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлеуметтік желіде ресми тіркелген екі парақшасы ғана бар, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли.

Оның айтуынша, соңғы кездері әртүрлі әлеуметтік желілерде мемлекет басшының атынан ашылған жалған парақшалар көбейіп кетті. Сол арқылы біреулер жалған мәлімет таратады, ал тағы біреулер коммерциялық мақсатта пайдаланды екен.

Тоқаев туралы қызықты мәліметтер: руы, отбасы, еңбек жолы, сүйікті ісі

Сол себепті президенттің баспасөз хатшысы барша әлеуметтік медиа қолданушы мен БАҚ өкілдеріне ескерту жасады.

"Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына ресми тіркелген екі аккаунт қана бар. Олар: Twitter желісінде 2011 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан - @TokayevKZ, сондай-ақ, 2019 жылдың сәуір айында Instagram желісінде ашылған @tokayev_online аккаунты", - деп жазды Берік Уәли.

Сөз соңында ол әлеуметтік желі қолданушыларынан президент туралы нақты расталған ақпарат алу үшін аталған ресми парақшаларға ғана жүгінуді сұрады.

Тоқаев президент сайлауына қатыса ма?

Жаңалықтар
0