Қоғам

Белгілі жазушы бірінші болып президенттікке кандидатурасын ұсынды

© Sputnik / Абзал КалиевСайлау
Сайлау - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Ұлы Дала қырандары" республикалық қозғалысы мемлекет басшысы лауазымына үміткер ұсынды

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір — Sputnik. Белгілі жазушы, Қазақстанның гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, педагог Сәдібек Түгел президент лауазымына кандидатурасын ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына құжаттарын тапсырды.

Сонымен, "Ұлы Дала қырандары" республикалық қозғалысы мемлекет басшысы лауазымына Сәдібек Түгелдің кандидатурасын ұсынып отыр. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының сайты хабарлайды.

Президент сайлауында мүгедектерге барлық жағдай жасалады

ОСК атап өткендей, үміткер келесі құжаттарды өткізген екен: бірлестіктің жоғарғы органы отырысы хаттамасынан президенттіке ұсынылу туралы үзінді, Түгелдің өтініші, өмірбаяны, ОСК шотына сайлау жарнасын аударғанын растайтын құжат және тағы басқалары.

Сайлауда екі жерде тіркелген азаматтар қалай дауыс береді?

Құжаттарын тапсырғаны туралы Сәдібек Түгел Facebook желісіндегі өз парақшасында да жазды.

"Орталық сайлау комиссиясы талап еткен алғашқы құжаттарды сәтті тапсырдық. Құрамында 5 жауапты қызметкерлері бар ОСК Актіге қол қою арқылы қабылдады. Енді бес алты күн бұл құжаттар тексеруден өткізіледі. Ол екі ортада 107 пунктен тұратын медициналық анықтамамен декларацияны тапсыру қажет", - деп Түгел өзіне ақ ниет білдірген жандарға алғыс айтты.

Сәдібек Түгел туралы не білеміз

Сәдібек Түгел 1955 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданы Аманкелді ауылында дүниеге келген.

1980 жылы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін тәмамдады, ал 1990 жылы Алматыдағы саясаттану-басқару институтын бітірді. Әскери борышын өтеген соң, Алматы мақта иіру фабрикасында слесарь қызметін атқарған.

1990 жылы мемлекеттік емтихан комиссиясының шешімімен политолог, жоғарғы және орта білім беретін оқу орындарында әлеуметтік-саяси мәселелердің оқытушысы атанды.

Әр жылдары "Қазақ телевидениесі мен радиосы" корпорациясында қызмет атқарды, Нұр-Сұлтан (ол кезде Астана) баспасөз хатшысы, баспасөз орталығының жетекшісі, Нұр-Сұлтан халықаралық баспасөз орталығының бас директоры, Қазақстан парламенті сенатының бұқаралық ақпаратпен байланыс бөлімінің басшысы болып еңбек етті.

Сәдібек Түгел - Қазақстанның Жазушылар Одағы, Журналистер Одағының мүшесі, гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі. Қазақстанның мәдениет қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушысы.

Шығармалары газет, журналдарда жарияланып тұрады: "Қайдасың, қазағымның қазанаты?!" повесі, "Асыл жиреннің киесі" әңгімелер жинағы және тағы басқалары.

Жаңалықтар
0