Қоғам

Жұмыртқаны көп жесе, не болады – ғалымдар түсіндірді

© Photo : CC0 / congerdesignЖұмыртқа
Жұмыртқа - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір жұмыртқаның құрамында 200 миллиграмм холестерин бар

НҰР-СҰЛТАН, 6 маусым — Sputnik. Америкалық ғалымдар анықтағандай, жұмыртқаны көп жеу жүрек-қантамыр жүйесінің дертіне шалдығу қаупін арттырып, мезгілсіз өлімге әкеп соғуы мүмкін. Зерттеудің баспасөз хабарламасы MedicalXpress сайтында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Америкалық дәрігерлер жұмыртқаны пайдаланудың нормасын осы уақытқа дейін белгілемеген болатын. Алайда 2015 жылға дейін диетологтар күнделікті ағзаға түсетін холестерин мөлшерін 300 миллиграмға дейін шектеуге кеңес беріп жүрді. Ал бір жұмыртқаның құрамында 200 миллиграмм холестерин бар.

Тағы оқыңыз: Күніне бір жұмыртқа жесеңіз, не болады?

Ғалымдар анықтағандай, күнделікті қосымша 300 миллиграмм холестерин пайдалану жүрек-қантамыр ауруларына шалдығу қаупін 17 процентке арттырады. Бұдан бөлек, ерте өлу қаупі 18 процентке көбейеді екен.

Массачусетстің Лоуэлл университеті ғалымы Кэтрин Тукердің айтуынша, жұмыртқадан мүлде бас тартудың қажеті жоқ, өйткені оның көз бен сүйекке тигізер пайдасы мол. Дегенмен мөлшерін сақтау қажет.

"Адамдарға күнделікті үш жұмыртқадан тұратын омлеттен бас тартуға кеңес беремін. Тамақтанған кезде белгілі бір мөлшер мен балансты сақтаған жөн", - дейді Кэтрин Тукер.

Зерттеуге 30 мыңнан астам адам қатысып, олардың денсаулығы 31 жыл бойы бақылауда болған.

Тағы оқыңыз: Күнделікті қолданатын ең лас он зат

Жаңалықтар
0