Қоғам

Қазақстанның бас экологы Арыстағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады 

© Photo : пресс-служба акима Туркестанской области Арыс тұрғындарын көшіру
 Арыс тұрғындарын көшіру  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Облыстық штабқа жаңа экология министрлігінің басшысы келіп, Арыстағы ауа таза екенін, ал топырақ пен су ластанбағанын мәлімдеді    

НҰР-СҰЛТАН, 28 маусым – Sputnik. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Арыстың экологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді. Бұл туралы ведомство басшысы Мағзұм Мырзағалиев мәлімдеді.  

"Қазіргі таңда Арыста радиация жоқ, ауасы таза, су мен топырақ ластанбаған. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі қаланың экологиялық қауіпсіздігіне кепілдік береді", - деп мәлімдеді ол Ордабасы ауданының Ақжол елді мекеніндегі облыстық штабта өткен брифингте.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиЭкология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев
Қазақстанның бас экологы Арыстағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады  - Sputnik Қазақстан
Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев

Түркістан облысының әкімдігі 27 маусымда экология департаментінің мамандары Қазгидрометтің қызметкерлерімен бірге Арыста су мен топырақтан алынған жүзден аса сынаманы зерттегенін хабарлады. Сынақ зертханасы ауа, топырақ және суға тұрақты түрде мониторинг жасап отырады, деп мәлімдеді жергілікті билік.

Қазгидрометтің зерттеу нәтижесі

Бейсенбіде Қазгидрометтің Қызылорда облысындағы филиалы атмосфералық ауа, топырақ, радиациялық фон және жер үсті суларына жоспардан тыс іріктеу сынамасын ұйымдастырды.

© Photo : Пресс-служба акима Туркестанской областиМамандар Арыс аумағындағы радиациялық фон мен суға зерттеу жүргізді
Қазақстанның бас экологы Арыстағы жарылыстан кейін мәлімдеме жасады  - Sputnik Қазақстан
Мамандар Арыс аумағындағы радиациялық фон мен суға зерттеу жүргізді

"Анализ нәтижесі бойынша сынама алынған барлық төрт нүктеде де ластайтын зат табылмады. Радиациялық фон рұқсат етілетін нормада аспаған – сағатына 0,19 микрозиверт (норма бойынша сағатына 0,57 микрозиверттен аспау керек)", - деп жазылған Қазгидрометтің ресми хабарламасында.

Анализ нәтижесі бойынша жер үсті сулары және атмосфералық ауа сынамаларында жоғары немесе өте жоғары ластану анықталған жоқ.

Сарапшылар су сапасының 22 көрсеткіші  бойынша жүргізілген анализдің нәтижесі бойынша нормадан асу деректері анықталмағанын атап өтті.

"Су сапасының қалған 26 көрсеткіші бойынша анализдер бес күннің ішінде дайын болады", - деп түсіндірді Қазгидромет.

Арыстағы жарылыс

24 маусым күні таңертең Түркістан облысы Арыс қаласындағы әскери бөлімде өрт шығып, қоймада сақталған оқ-дәрілер жарылды. Жарылыс салдарынан үш адам көз жұмды.

Оқиғаға байланысты Түркістан облысында төтенше жағдай жарияланды. Қауіпсіздік мақсатында қала тұрғындары түгелдей жақын маңдағы елді мекендерге көшірілді.

Арыс тұрғындары бүгін таңертеңнен бастап өз үйлеріне қайта бастады.

Жаңалықтар
0