Қоғам

"Танк биатлонында" қазақстандықтар Қытай командасын басып озды

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанКазахстанские военные на Танковом биатлоне
Казахстанские военные на Танковом биатлоне - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық әскерилер бір сағат қырық тоғыз минутта қарсыластарын шаң қаптырып кеткен

АЛМАТЫ, 11 тамыз – Sputnik. Халықаралық армия ойындары 2019 аясындағы "Танк биатлонының" жартылай финалында Қытай, Әзербайжан және Сербия командалары қазақстандық танкистерден қалып қойды.

Үш қазақстандық экипаж бірінен соң бірі бір танкіге отырып, кедергілерден өтіп, нысандарды көздеп атып, төрт шеңберді артқа тастады.

"Ауа райы қолайсыздығына қарамастан, әрқайсымыз барымызды салып, жақсы нәтиже көрсеттік", - дейді аға лейтенант, екінші экипаж командирі Феруз Тұлабаев.

Жарыстың "Эстафета" жартылай финалдық кезеңі табиғи және жасанды кедергілерден, жауынгерлік жолдар мен атыс алаңдарынан, айып уақыты берілетін алаңнан тұрады.

© Photo : министерство обороны Республики КазахстанКазахстанские военные на Танковом биатлоне
Казахстанские военные на Танковом биатлоне - Sputnik Қазақстан
1/3
Казахстанские военные на Танковом биатлоне
© Photo : министерство обороны Республики КазахстанТанковый биатлон
Танковый биатлон - Sputnik Қазақстан
2/3
Танковый биатлон
© Photo : министерство обороны Республики КазахстанКазахстанские военные на Танковом биатлоне
Казахстанские военные на Танковом биатлоне - Sputnik Қазақстан
3/3
Казахстанские военные на Танковом биатлоне
1/3
Казахстанские военные на Танковом биатлоне
2/3
Танковый биатлон
3/3
Казахстанские военные на Танковом биатлоне

Халықаралық армия ойындары - 2019

Бесінші Халықаралық армия ойындары он ел аумағында 3 және 17 тамыз аралығында өтеді: Әзербайжан, Армения, Беларусь, Иран, Үндістан, Қазақстан, Қытай, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан. Жарысқа 37 елдің әскери командалары қатысып жатыр.

Жаңалықтар
0