KazSat-2 жер серігі уақытша басқарылмай қалды

Жазылу
KazSat-2 байланыс жер серігі уақытша басқарылмай қалғандықтан, қазақстандық телеарналар көрсетілмей қалған

АСТАНА, 31 наурыз — Sputnik. KazSat-2 жер серігі уақытша басқарылмай қалды деп хабарлайды қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ведомство мәліметінше, оқиға Астана уақыты бойынша 08.22-де болған. 

31 наурыздағы жағдай бойынша, KazSat-2 ғарыш аппаратының ресурстарын Қазақстан Республикасының 13 байланыс және хабар тарату операторы пайдаланады, қазіргі уақытта олардың қызметі тоқтатылды.

"Қазір Республикалық ғарыш байланысы орталығының мамандары жер серігі мен байланыс және хабар тарату операторларының қызметін қалпына келтіру үшін барлық шараларды атқарып жатыр", — делінген министрлік хабарламасында. 

Жаңалықтар
0