Видео

Метеордың құлаған сәті видеоға түсіп қалды

CC0 / / Жұлдызды аспан
Жұлдызды аспан - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ғарыш тасы аспаннан құлаған кезде айнала жап-жарық болып кетті

АСТАНА, 4 қараша — Sputnik. АҚШ-тың Арканзас штатында спорттық шараға жиналған жұрт метеордың құлаған сәтін видеоға түсіріп алды.

Аспан денесі штат көгінде 2 қараша күні кешкісін жарқ етіп көрінді, деп хабарлайды РИА Новости KARK-TV арнасына сілтеме жасап.

Телеарнаның хабарлауынша, видеоға түсіп қалған метеор тартылыс күшінің әсерінен Жер атмосферсына енген соң жанып кеткен.

Twitter-дегі видеода түнгі аспан кенеттен жап-жарық болып кеткені анық көрінеді. Ал оқиға куәгері стадионда америкалық футбол матчында болса керек.

​Видеоға түсіп қалған метеор — Таурида метеорлар ағынының бір бөлшегі, бұл құбылыс жыл сайын қыркүйек-желтоқсан айларында қайталанады.

Жаңалықтар
0