Спорт

Елбасы Алматыдағы "Халық арена" спорт кешенін аралап көрді

© SputnikАлматыдағы "Халық Арена" мұз кешені
Алматыдағы Халық Арена мұз кешені - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Алматы қаласында жаңадан ашылған «Халық арена» спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды қалалыық әкіміктің баспасөз қызметі.

АСТАНА 19 қыр — Sputnik. Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев дүйсенбі күні Алматы қаласында жаңадан ашылған "Халық арена" спорт кешенін аралап көрді, деп хабарлайды қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.

Аталған спорт кешені  3 мың орынға есептелген — 28-ші Дүниежүзілік қысқы универсиаданың басты нысандардың бірі.  Онда хоккейден жарыстар өтетін болады.

Мемлекет басшысы спорт кешенін, оның аумағына жүргізілген абаттандыру жұмыстарын және Универсиаданың брендті көліктерін көрді.

Сондай-ақ Назарбаев осында Олимпиада чемпионы Дмитрий Баландинмен, 2000 жылғы Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері Ислам Байрамуковпен және 2014 жылғы Олимпиаданың қола жүлдегері Денис Тенмен кездесті.

Алматы қаласының Медеу ауданында салынған мұз сарайы 11 га аумақты алып жатыр. Оның құрылысына қазақстандық материалдар қолданылған.

Сонымен қатар, кешенде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытып, мәдени шараларды — концерттер мен жалпы халықтық мерекелерді өткізуге болады.

Жаңалықтар
0