Спорт

Ринг билеушілері: қазақстандық ММА балуандары тағы да Әлем чемпионатын бағындырады

© Photo : Федерация MMA КазахстанаММА құрамасы
ММА құрамасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ММА бойынша Әлем чемпионатының алтын медалі үшін финалдық жекпе-жекте қазақстандық екі жігіт шайқасатын болады – Әлімжан Сүлейменов пен Гойти Дазаев. Қазақстандық спортшылардың қоржынында әзірше төрт қола жүлде бар.

АСТАНА, 27 қар – Sputnik.Әсем Миржекеева. Қажыр-қайраттарын аямай жаттықан ММА бойынша қазақстандық балуандар Макаода аралас жекпе-жектен өтетін Әлем Чемпионатына келді. Экзотикалық қаланың ауа райы жанға жайлы-ақ. Спорттық шараны өткізу үшін айрықша жер таңдалған екен: көрермендердің көзіне таныс аренаның орнын мультифункционалды холлы бар алып казино басты.

ММА бойынша Қазақстанның үшінші кубогы алдында балуандардың кездесуі - Sputnik Қазақстан
ММА бойынша Қазақстанның ІІІ Кубогы туралы баспасөз конференциясы

Қытайдағы Макао провинциясында бұл күндері ауа райы недәуір ыстық. Осы спорт түрінен өздерінің басымдығын көрсетіп, жеңіс тұғырынан көріну үшін 25 елден тепсе темір үзетін мықты жігіттер жиналды. Әртүрлі салмақ дәрежесіндегі кәсіби балуандар бір-бірін аямастан жекпе-жекке түсетін болады. ММА бойынша Қазақстан ұлттық құрамасы да әлемдік біріншілікке қатысады.

Қазақстанның ММА федерациясының вице-президенті Асылбек Дүйсенов Sputnik Қазақстан агенттігіне берген сұхбатында аралас жекпе-жек әлеміндегі жылдың ең басты оқиғасындағы алғашқы жеңістер мен алған әсері жайлы бөлісті.

- Қазақстан құрамасының көңілкүйі қалай деп сұрамай-ақ қояйын, ал Макао біздің жігіттерді қалай қарсы қалды?

— Әлбетте, қазақстандық қатал аяздан соң, жылы аймаққа барып бір жасап қалдық. Қаланың сұлулығына көз тоймайды, ойын-сауыққа толы атмосферасымен таң қалдырады. Шынына келсек, ММА бойынша Әлем чемпионаты биыл спорттық алаңда емес ерекше жерде өтіп жатыр. Турнирді өткізуге мультимедиялық холлы бар казино таңдалыпты. Ол жерде әр түрлі концерттер мен шоулар өткізуге болады екен. Халық көп сыйады, сондай-ақ спорттық шаралар ұйымдастыруға да қолайлы.

- Біздің команданы қалай қарсы алады: әрі сыйлап, әрі қорқады ма?

— Үш жыл қатарынан бәрін сабап тастасақ, бізден қалай қорықпасын? Біздің команда мен ресейліктер фавориттер боп саналады. Бізден қорқатыны рас, қалайда жүлделі орынға ілігуге тырысады. Ресей мен Қазақстанның ең мықты командалар екенін ескерместен, бастапқы кезеңдерде бір-біріне қарсы қойғаны да сондықтан. Яғни, Украина, Чехия сияқты басқа командаларға жол ашып берді. Егер бізді кесте бойынша екі бөліп қойғанда, финалға біздің жігіттер ғана шығар еді деп ойлаймын. 

- Чемпионатың алғашқы күні бойынша нәтиже қандай?

— Финалға Украина, Ресей, Қазақстан, Қытай және Чехия өтті. Өкінішке орай төрт спортшымыз финалға өтпей қалды. Бірақ бұл біздің жас командамыз үшін жақсы көрсеткіш, бүкіл құрама үшін алғашқы маңызды бастама. Жалғыз тәжірибелі балуанымыз, бұрынғы әлем чемпионы Мурад Абдурахманов қарсыласының ереже бұзуы мен төрешінің қателігінен нокаутқа түсіп қалды. Төрешіні жазалағанымен, бұл оқиға бізге жаман әсер етті. Және тағы бір өкінішті жайт – Мират Бекішев есімді спортшымыз жарақат алды. Жеңіске қарай жақсы ұмтылып келе жатыр еді. Жартылайфиналдық жекпе-жекте Чехия спортшысымен жолығып, басынан-аяқ басымдылық көрсеткенімен, бұрынғы тізе жарақаты сыр беріп, күресті жалғастыра алмай қалды. Қалған жігіттер де жақсы ойын өрнегін көрсетті. 

- Жаңа біздің бір жігіттің жекпе-жегінде төреші қателесті деп қалдыңыз. Нәтижелерді жоюға болмайды ма сонда?

Қазақстандық ММА балуаны Шавкат Рахмонов - Sputnik Қазақстан
Спорт
12 қарашада Көкшетауда ММА бойынша жекпе-жектер өтеді

— Иә, төреші қателесіп, соның салдарынан спортшымыз техникалық нокаут алып, жекпе-жек тоқтатылды. Жекпе-жек қателіктен емес, нокаут үшін тоқтатылды. Төреші дер кезінде араласып, жекпе-жекті тоқтатса, қарсылас балуанға жаза қолданылып, тіпті дисквалификациялауы мүмкін еді. Бірақ төреші үнсіз қалды да, содан кейін техникалық нокаут болды, ал балуанға ешқандай жаза қолданылған жоқ. Жекпе-жек нәтижесін де жоймады. Оның үстіне, техникалық нокаут алып қалғандықтан, Мурад Абдурахманов жекпе-жекті жалғастырмауы тиіс еді. Өкінішке орай, жағдай осылай болды. Наразылығымызды білдіріп, оны әділ қазылар қарастырды. Бірақ ақыры соңында төрешіге ғана жаза қолданылды.

- Чемпионаттағы басты қарсыластарыңыз кім?

— Біздің жігіттер ресейлік балуандардан ғана ұтылды, оның үстіне ұпай саны бойынша ғана. Тағы бір рет қайталап өтейін, жігіттер аянып қалған жоқ. Шыны керек, Ресей бүкіл құрамасымен финалға шықты, әлемдегі ең мықты командалардың бірі. Ертең біздің жас балуанымыз Әлімжан Сүлейменов финалда ресейлік жгітпен қарсыласады. Өзі төбемізді көкке жеткізді. Әлімжан командадағы атағы жоқ, жас балуан, соған қарамастан барлық жекпе-жекте қарсыластарын нокаутқа түсірді. Көрермендер оған Тайсон деп ат қойды.

- Ертең Қазақстан жұртшылығы кім үшін тақымын қысып отыруы керек? 

— Финалға екі жігітіміз шықты – ақтөбелік Гойти Дазаев және алматылық Әлімжан Сүлейменов. Жігіттеріміз жеңіске жетеді деп сенеміз!

Жаңалықтар
0