Спорт

"Астана" БК ВТБ Бірыңғай лигасында "Нижний Новгород" командасын ұтты

© Photo : Официальный сайт БК "Астана"БК "Астана" - "Нижний Новгород" - 93:84
БК Астана - Нижний Новгород - 93:84 - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасының жүйелі кезеңі кестесінде алтыншы орынды сақтап тұр

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Қазақстанның "Астана" баскетбол клубы жексенбі күні өз алаңында "Нижний Новгород" командасын 93:84 есебімен ұтты. Бұл ВТБ Бірыңғай лигасы жүйелі кезеңі 11 турының матчы болатын.

Баскетбол - Sputnik Қазақстан
Спорт
"Астана" БК бапкері: "Калев" шабуылы мықты болды

Бірінші ширекті алаң иелері үш ұпай басымдықпен ұтты – 31:28, екінші ширекте есеп айырымы бес ұпайға жетті (17:15), үшіншіде "Астана" командасы 25:20 есебімен жеңді. Ойынның соңғы кезеңінде "Нижний Новгород" барын салып, басым түсті (21:20), бірақ бұл оларға жалпылама жеңісті әпермеді.

Бірыңғай лиганың турнирлік кестесінде қазақстандық команда 17 ұпаймен алтыншы орында тұр. Келесі жексенбі 15 қаңтар күні "Астана" өз алаңында "Химки" командасын қабылдайды.

Жаңалықтар
0