Спорт

Қазақстандық воркаутер Шварценеггер фестиваліне арнайы қонақ ретінде шақырылды

© Photo : Пресс-служба Федерации Street Workout КазахстанаВоркаутер Ислам Бадургов
Воркаутер Ислам Бадургов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Арнольд Шварценеггер ұйымдастырған LA Fit Expo 2017 фестивалі Лос-Анджелес қаласында 7 қаңтарда басталды

АСТАНА, 9 қаң — Sputnik. Танымал қазақстандық спортшы, воркаутер Ислам Бадругов Арнольд Шварценеггер ұйымдастырған LA Fit Expo 2017 фестивалінің арнайы қонағы атанды деп хабарлайды Қазақстанның Street Workout федерациясы баспасөз қызметі.

7 қаңтар күні Лос-Анджелес қаласында фитнес әлеміндегі ең керемет оқиғалардың бірі — LA Fit Expo 2017 фестивалінің ашылу салтанаты өтті. ҚР федерациясының бірінші вице-президенті, "салауатты өмір салты лидері" деген атпен танымал Ислам Бадругов бұл фестивалге арнайы қонақ ретінде шақырылып, шараға Қазақстан атынан қатысады.

© Photo : Қазақстанның Street Workout федерациясыҚазақстан туы Metroflex Gym залында
Қазақстан туы Metroflex Gym залында - Sputnik Қазақстан
Қазақстан туы Metroflex Gym залында

Ислам Бадругов әлемге Арнольд Шварценеггер, Ронни Коулмэн, Сити Флетчер сынды атлеттерді танытқан Metroflex Gym залында жаттығу жасады. Сонымен бірге Metroflex Gym залында Қазақстанның туы көтерілді.

Жаңалықтар
0