Спорт

Универсиадаға қатысушыларды қалай тамақтандырады

© Sputnik / Владимир Песня / Медиабанкке өтумейрамханадағы ас
мейрамханадағы ас - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Универсиадаға қатысушыларға бес асхананың тағамы әзірленетін болады

АСТАНА, 9 қаң – Sputnik. Алматыда Универсиада-2017 спортшылары үшін FISU (Университет спортының халықаралық федерациясы) талаптары ескеріліп, арнайы мәзір әзірленді, деп хабарлайды жылдың басты спорт шарасы ұйымдастырушыларының баспасөз қызметі. 

"FISU талаптарына сәйкес, қысқы ойындарға қатысатын спортшылардың  бір күндік калория нормасы (4000-4500) анықталды. Спортшыларға арналған тәуліктік тамақтану нормасында ет, сүт өнімдері, астық өнімдері секілді маңызды тағамдар қарастырылған. Сондай-ақ, денедегі дұрыс зат алмасуын сақтау үшін атлеттерге пайдалы сусындардың барлық түрі ұсынылады.

Осылайша Қысқы ойындар 110 000 киллограмға дейінгі мөлшерде ет өнімімен, соның ішінде қой, сүт, жылқы, тауық және үндік етімен қамтамасыз етілмек. Универсиада спортшылары мен қатысушыларына арналған тағам үлестіру бекеттеріне шамамен 6100 кг ұн және 60 000 кг астам сүт өнімі жеткізілмек.

Универсиада кезінде спортшылар мен ресми делегация мүшелері, FISU техникалық делегаттары, халықаралық техникалық мамандар (ITOs), ұлттық техникалық мамандар (NTOs), еріктілер, БАҚ өкілдері, медициналық қызметкерлер, Ұйымдастыру комитеті,  FISU Family өкілдері және т.б. тұлғалар тамақтандырылатын болады. Сондай-ақ, Атлеттер ауылында қазақ/ұлттық, еуропалық/жерорта теңізілік, азиялық, вегетериандық және де халал секілді бес тағам түрін дайындайтын 1000 орынға шақталған асаханалар жұмыс жасайды.

Универсиада еріктілері үшін тамақтандыру ланч-бокстар түрінде ұсынылады. Сондай-ақ, әрбір нысанның коммерциялық аймағында көрермендер мен жанкүйерлерге арнап тамақтандыру ұйымдастырылады.

Алматы қаласының Тұтынушыларды қорғау департаментімен бірлесе отырып, Универсиада-2017 ойындары кезінде Тамақтандыруға бақылау жүргізу жөніндегі бірлескен іс-шаралар кешені дайындалды. Аталған жоспарды жүзеге асыру арқылы Қысқы ойындардың қатысушылары мен қонақтарының санитарлық-эпидемиологиялық саулығы қамтамасыз етіледі. Нысандарда гигиеналық нормативтердің қаншалықты сақталып отырғандығын тексеру бағытында зертханалық зерттеулер мен аспаптық өлшемдер жүргізіледі.

 

Жаңалықтар
0