Спорт

Розье: Джейкобс Головкиннің қателіктерін пайдаланады

© AP Photo / Rich SchultzДаниэль Джейкобс
Даниэль Джейкобс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Америкалық боксшы Дэниэл Джейкобстің командасы қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы жекпе-жекте қолданатын тактикасы туралы алғаш рет сөз қозғады

АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Америкалық Дэниэл Джейкобс 18 наурызда болатын жекпе-жекте екінші нөмірлі боксшы болып жұдырықтасуы мүмкін деп меңзеді оның бапкері Андре Розье FightHub басылымына берген сұхбатында.

Геннадий Головкин - Sputnik Қазақстан
Спорт
Головкиннің сұхбаты: қарсыластардан қорықпаймын

"Головкин – мықты боксшы, бірақ боксшылардың бәрі қателеседі. Команданың басты мақсаты – сол қателіктерді анықтап, өз пайдасына асыру. Біз жоспардан ауытқымаймыз. Головкиннің әдіс-тәсілінің өзімізге басымдық берер тұстарын байқап отырмыз", — деді америкалықтың бапкері.

Оның айтуынша, екі боксшы арасындағы жекпе-жек 12 раундқа дейін созылуы мүмкін. "Біз 12 раундқа дайынбыз, алыс қашықтықта кімнің мықты екенін көреміз, бұл 12 раундқа созылатын ауыр жекпе-жек болмақ", — дейді Розье.

Жаңалықтар
0