Дерекқор

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке: 27 мамыр

© Sputnik / Владислав Воднев27 мамыр - күнтізбе
27 мамыр - күнтізбе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл– Григориан күнтізбесіндегі 147-ші күн, жыл соңына дейін 218 күн бар

27 мамырда не болғанын білесіз бе?

Бұл күннің несімен есте қалғанын Sputnik дерекқорынан оқыңыз.

27 мамырда қандай қызықты оқиға болды

Бүгін Бүкілресейлік кітапхана күні аталып өтеді. Кітапханалар адамзаттың мәдени дамуында маңызды рөл атқарды, ал олардың қызметінің арқасында бүгінгі күні бірегей кітаптар жинақталған үлкен қор жиналды. Неліктен бұл күн таңдалғаны көптеген адамды қызықтырады. 27 мамырда алғашқы Ресей кітапханасы – Император қоғамдық кітапханасы ашылды, ол сонау 1795 жыл болатын. Бұл мерекеде әр мемлекеттің қайталанбас және ерекше мәдени бөлігі болып табылатын кітапханалардың барлық қызметкеріне алғыстан басқа айтарымыз жоқ.

АҚШ-та бүгін Еске алу күні аталып өтеді. Мерекенің мақсаты –Американың барлық қаза тапқан азаматын еске алу. Бастапқыда азаматтық соғыс кезінде қаза болғандарға құрмет көрсетілді, алайда қазір барлық соғыста қаза тапқандар, тіпті марқұм болған жандардың барлығы еске алынады. Бұл күні зираттарда, шіркеулерде және басқа да қоғамдық орындарда арнайы рәсімдер өткізіледі. Еске алу күні алдымен Безендіру күні (Decoration Day) деп аталды. Бұл күні халыққа қызмет ету жолында қаза болғандардың рухына тағзым етіледі. Мерекенің тарихы туралы әр түрлі мәлімет бар, оннан астам қала Еске алу күні пайда болған жер деген атқа үміткер. Азаматтық соғыс аяқталардың алдында елдің оңтүстігіндегі ұйымдасқан әйелдер топтары зираттарды безендіргені туралы деректер кездеседі.

Бүгін сондай-ақ Батыл шешімдер қабылдау күні. Бұл күні ең болмағанда бір батыл шешім қабылдау керек. Ол шешім тұрмысқа шығу немесе шайдың жаңа сұрпын ішіп көру бола ма, маңызды емес. Ең бастысы – оны 10 секунд қана ойланып қабылдау және іске асыру. Өйткені біз тым көп ойланатындықтан қаншама игіліктен құр қалып жатқанымызды кім білсін. Бүгінгі күн – соны түзетудің керемет мүмкіндігі!

27 мамырда әлемде болған тарихи оқиғалар

1916 жылы АҚШ президенті Вудро Вильсон соғыстан кейін Ұлттар Лигасын құруға шақырды;

1933 жылы Уолт Диснейдің "Үш торай" мультфильмінің премьерасы өтті;

1934 жылы КСРО-да "Еңбек сіңірген спорт шебері" атағы пайда болды;

1969 жылы "Машина времени" рок-тобы құрылды.

 27 мамырда Қазақстанда болған тарихи оқиғалар

1992 жылы Жамбыл облысында Балуан Шолақ атындағы ауылда балуан, ақын, композитор Балуан Шолаққа ескерткіш орнатылды;

1999 жылы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев "Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы мәңгілік достық туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының заңына қол қойды;

2009 жылы Қарағанды ​​облысында 500 кВ-тық "Ағадыр" қосалқы станциясында Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың қатысуымен ВЛ 500 кВ-тық "Ағадыр – ОҚМАЭС" телімін іске қосу салтанатты шарасы өтті;

2010 жылы Ақтөбеде вибросығымдалған өнімдерді шығаратын "Спецтрансстройкомпания"ЖШС зауыты іске қосылды.

27 мамырда дүниеге келген танымал тұлғалар

1949 жылы кеңес және Ресей әншісі,Стас Наминнің "Цветы", "Красные маки" ВАА топтарының, Лосевтің жетекшілігіндегі ансамблдің солисі Александр Лосев дүниеге келді;

1971 жылы ағылшын киноактері Пол Беттани дүниеге келді ("Железный человек", "Код да Винчи", "Мстители" фильмдері;

1990 жылы америкалық актер, "Алтын Глобус" сыйлығының иегері Крис Колфер дүниеге келді ("Побег из тюрьмы", "Чужая страна" фильмдері).

27 мамырда Қазақстанда кім туды

1937 жылы мемлекет және қоғам қайраткері, "Бәйтерек" ұлттық дәстүрлер театрын құрушы, жазушы, ғалым Мырзатай Жолдасбеков дүниеге келді;

1941 жылы филология ғылымының докторы, профессор Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Зұфар Сейітжанұлы дүниеге келді;

1946 жылы филология ғылымының докторы, профессор Дандай Ысқақұлы дүниеге келді;

1956 жылы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы Серікбай Нұрғисаев дүниеге келді.

Ай күнтізбесі

Ай Балықтар белгісінде орналасады. Бүгін дау-жанжалды шешуге өте қолайсыз күн, сізбен дүрдараз болып жүрген адамдардың көзіне түспеуге тырысыңыз. Жанжал шығып, тіпті төбелесіп кетуіңіз де бек мүмкін. Ашуға бой алдырушы болмаңыз.

Жаңалықтар
0