Әлем

Стамбулдың орталық ауданында екі теракт орын алды. ТЖ орнынан кадрлар

Жазылу
Стамбулдың орталық аудандарының бірі Бешикташтағы "Водафон Арена" стадионы маңында екі террорлық акт орын алды. Жарылыс салдарынан кем дегенде 29 адам қаза тапты. Бұл ретте олардың 27-сі полиция қызметкерлері. Төтенше жағдайлар орнынан бейне материал көріңіздер.

Жарылыстардан зардап шеккендер саны 166 адамға өсті. Бұрын 15 адам қаза тауып, 70-і жарақат алды деп хабарланған. Ердоған террорлық актіге байланысты Қазақстанға сапарын кейінге шегерді. 

Түркия президенті Режеп Тайип Ердоған - Sputnik Қазақстан
Саясат
Ердоған Стамбулдағы террорлық актіге байланысты Қазақстанға сапарын кейінге қалдырды

Daily Sabah басылымының ақпараты бойынша, Түркия премьері Бинали Йылдырым бір күндік ұлттық аза тұту туралы жария ететін жарлыққа қол қойды. Ол сондай-ақ бұл терактінің жазасыз қалмайтындығы мен бұл шабуылдың халық бірлігін бұза алмайтындығы туралы мәлімдеді. 

Жарылыстар  1,5 сағат бұрын Түркиялық "Бешикташ" және "Бурсаспор" командалары арасында матч өткен стадион маңында орын алды. 


Жаңалықтар
0