Видео

Астанада McDonald's ашылуында болған ұзын-сонар кезек тағы қайталанды

Жазылу
Астанадағы сауда орталықтарының бірінде жүздеген адам кезекке тізілді

Астанада McDonald's ашылғанда болған жағдай тағы қайталанды. Бұл жолы адамдар H&M  дүкенінің ашылуында ұзын-сонар кезекке тұрды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Астанадағы сауда орталықтарының бірінде 700-ден астам адам ұзын-сонар кезекке тұрды. Таңертең ерте елорданың сәнқой тұрғындары белгілі шведтік H&M брендінің киімдерін көруге асықты. "Көрмей, бәрібір кетпеймін" деп бекінген кейбіреулері еденге отырып алып, кезегін күтті. Сарыла күткендердің арасында балалар да бар. 

Бутик ашылмас бұрын бірінші келген үш адамға ақшалай сыйлық беріледі деп жарнамаланған еді. Жұрттың бұлай асығуына осы жарнаманың ықпалы болған секілді. Сөйтіп, алғашқы үш сатып алушы 50, 40 және 30 мың теңге сыйлыққа ие болды. 

H&M (Hennes & Mauritz) — Швецияда 1947 жылы негізі қаланған ірі халықаралық бренд. 

Былтыр көктемде Астанада McDonald’s мейрамханасы ашылғанда адамдар ұзын-сонар кезекке тұрған еді. Бұл жағдай ел ішінде қызу талқыланып, қазақстандықтардың бұл әрекеті, тіпті, шетелдіктерді қатты таң қалдырған болатын. АҚШ-тың танымал басылымы New York Post-тың Facebook парақшасында Астанада McDonald's мейрамханасының ашылуындағы кезек жайлы видео жарияланды. 

 

Жаңалықтар
0