Видео

Астанада ЭКСПО қарсаңында экогаджеттер қалай жұмыс істейді

Жазылу
Астана отандық және теңіздің арғы жағынан келген туристерді күтіп алуға дайындалып жатыр. Тақырыбы "Болашақ энергиясы" де аталатын ЭКСПО-2017 көрмесіне дейін санаулы күн қалды. Бұл ретте елорда көшелерінде энергияның баламала көздерінен жұмыс істейтін экогаджеттер пайда болды. Sputnik Қазақстан тілшісі оның қалай жұмыс істейтінін тексеруді ұйғарды

Қазір елордада алты эконысан орнатылған. Ол жел трубинасы, электрды өндіретін фотоэлектр қондырғылары, телефон қуаттайтын орындықтар мен басқа да экологиялық құралдар.

Sputnik Қазақстан тілшісі көше орындығынан телефонын қуаттап, қоғамдық қолжетімді нүктесінен Wi-Fi пайдаланбақ болды. Одан не шыққанын видеодан көріңіздер. 


Жаңалықтар
0