Видео

Назарбаевтың үкіметті отставкаға жіберу туралы мәлімдемесі - видео

Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев үкіметті не себепті отставкаға жібергенін түсіндірді

"Мемлекеттік бағдарламаларды жүзеге асыру барысына жасалған талдау қорытындысы олардың орындалып жатқанын көрсеткенімен, көптеген маңызды бағыттар бойынша нақты нәтижелердің жоқ екенін аңғартты", - делінген мемлекет басшысының мәлімдемесінде.

Назарбаев үкіметті отставкаға жіберді

Назарбаевтың айтуынша, шағын және орта бизнес өсімнің қозғаушы күшіне айналмады, тұрғындардың нақты табысы өспеді, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған тұрғындардың бір бөлігі атаулы әлеуметтік көмекпен қамтылмаған.

Бұдан бөлек, президент атап өткендей, үкіметке жүйелі жұмыс атқару жетіспейді.

Премьер-министрдің міндетін уақытша кім атқарады?

Министрлер кабинетінің жаңа мүшелеріне қойылатын талаптар 27 ақпанда өтетін "Нұр Отан" партиясының съезінде айтылады.

Жаңалықтар
0