Димаш ата-анасымен қосылып ән шырқайды

Жазылу
Димаш Құдайберген бүгін таңғы сағат 6.50-де Бейжіңнен Астанаға ұшып келді. Әуежайда әншіні туған-туыстары, достары мен жанкүйерлері ыстық ықыласпен қарсы алды.

 Кешке орталық концерт залында Димаш Құдайбергенді қошеметтеуге арналған «Әлем таныған Димаш» мерекелік концерті өтеді. Кешке әншінің ұстаздары, эстрада жұлдыздары қатыспақшы.

"Димаш кеште жетіге жуық ән орындайды. Ол ата-анасы – әншілер Қанат пен Светлана Айтбаевалармен қосылып ән айтады. Сонымен бірге музыкант Лұқпан Жолдасовпен де өнер көрсетеді", — деп әңгімеледі Sputnik Қазақстан тілшісіне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы. 

Қазақ әншісі Димаш Құдайберген "Singer-2017" байқауы барысында Қытайда аса танымал болды. Үш айға созылған ән додасында Димаш  14 кезеңді сәтті бағындырып, екінші орын алды. Байқау барысында ол бірнеше марапатқа ие болды. "17th Top China Music Awards" шарасында "Халықаралық деңгейдегі танымал әнші" жүлдесін иеленді. Сондай-ақ Азиядағы ең беделді China Top music Awards сыйлығының "Азияның ең танымал әншісі" номинациясында жеңіске жеткен болатын.

Жаңалықтар
0