Әлем

БҰҰ бас хатшысы болып Антониу Гутерриш тағайындалды

© AP Photo / Khalid MohammedБҰҰ бас хатшысы болып Антониу Гутерриш тағайындалды
БҰҰ бас хатшысы болып  Антониу Гутерриш тағайындалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
БҰҰ Бас Ассамблеясы тоғызыншы бас хатшыны тағайындады. Антониу Гутерриш өз қызметін 2017 жылы 1 қаңтарда бастайды.

АСТАНА, 14 қаз — Sputnik. Португалияның бұрынғы премьер-министрі және БҰҰ босқындар ісі бойынша жоғары комиссары Антониу Гутерриштің кандитдатурасын консенсус қолдады деп жазды РИА Новости. Жаңа бас хатшыны әр түрлі елдер басшылары мен ұйымдары жан-жақтан құттықтауда.

"Мен Бас Ассамблея атынан A/71/L4 қарар жобасын аккламациямен қабылдауға шешім шығардым", — деді БҰҰ БА төрағасы Питер Томсон.

Бұдан бұрын Гутерриштің кандидатурасын БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі бекіткен болатын. Гуттериш өкілеттігінің бірінші мерзімі 2021 жылдың 31 желтоқсанында аяқталады.

Германия ІІМ басшысы Франк-Вальтер Штайнмайер Гутерриш бас хатшы боп тағайындалмас бұрын, оның өз қызметін дұрыс атқаратынын және ұйым реформаларына сенім артатынын айтқан болатын. 

Гуттериштің өзі Сирияда бейбітшілік орнатуға бел буғанын айтты.

"Сирия халқының азап шеккенін көріп жаным күйзеледі, сол себепті Сирия елінде бейбітшілік орнату үшін қолымнан келгеннің бәрін жасаймын", — деді ол. 


Жаңалықтар
0