Әлем

Дональд Трамп: бірқилы миллиардер және АҚШ президенті

© AP Photo / Jae C. Hong, Дональд Трамп
Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Республикашы Дональд Трамп 276 дауыс жинап, президенттік жарыста жеңіске жетті.

АСТАНА, 9 қар — Sputnik.  Бірқилы миллиардер Дональд Трамп Демократиялық партия атынан үміткер, бұрынғы бірінші ханым және экс-мемлекеттік хатшы Хиллари Клинтонды жеңіп, АҚШ президенті атанды.

РИА Новости агенттігі АҚШ-тың жаңа президентінің өмірбаянын жариялады.

Трамп 1946 жылы 14 маусымда Нью-Йорк қаласында дүниеге келген. Әкесі Фредерик Трамп құрылысшы әрі  Квинс, Статен-Айленд және Бруклин аудандарындағы орта тапқа арналған тұрғын үйлер жобасын жасау және жүзеге асыру бойынша мамандандырылған салушы болған. 

13 жасында ата-анасы Дональдты Нью-Йорк әскери академиясына береді. Академияда Трамп үлкен жетістіктерге жеткен: 1964 жылы академияны бітірер кезде ол мықты атлет әрі оқушылар арасында көшбасшы болыпты. Бұдан кейін Дональд Фордхем университетіне оқуға түседі, бірақ кейіннен Пенсильвания университеті жанындағы Уортон қаржы мектебіне ауысып, 1968 жылы бітіріп шығады.

Университетті тәмамдағаннан кейін Дональд әкесінің компаниясында жұмыс істей бастайды. 1975 жылы сол компанияның президенті болып тағайындалып, атын Trump Organization деп өзгертеді.

1971 жылы Трамп компания кеңсесін Манхэттенге көшірді. Трамптың ең алғашқы жобаларының бірі Манхэттеннің батыс бөлігіндегі Орталық теміржол орнында салған бизнес орталығының құрылысы болды. 

Трампты бүкіл Нью-Йоркке танытқан жобасы – 5-ші авенюде орналасқан 58 қабаттық Trump Tower  ғимараты 1982 жылы ашылған. 

Трамп-ролл и Хиллари-ролл: в московском кафе появилось предвыборное меню - Sputnik Қазақстан
"Трамп-ролл" мен "Хиллари-ролл": Мәскеу дәмханаларының біріндегі сайлау алды мәзір

Содан кейін бизнесмен жобаларының бәрін өз атымен атай бастады: Trump Parc, Trump Palace, Trump Plaza, The Trump World Tower and Trump Park Avenue, Trump International Hotel & Tower, The Trump Building және тағы басқалары.

2005 жылы Дональд Трамп Donald J. Trump Signature Collection деген атпен киім-кешектер үлгісін шығара бастады.  2012 жылы PARLUX-пен серіктесіп, Success by Trump иіс суын шығарды. 2015 жылы Trump атты брендпен екінші иіс су Empire шығарылды.

Дональд Трамп - Sputnik Қазақстан
Әлем
Трамп АҚШ президенттік сайлауында 276 дауыс жинап жеңіске жетті

2004 жылы Трамп NBC арнасындағы "Оқушы" реалити-шоуының атқарушы продюсері және жүргізушісі болды. Шоу жоғары рейтингтерді иеленіп, үш рет Emmy сыйлығына ұсынылды.

Дональд Трамп Мелании Кнауссқа үйленген, ол бизнесменнің үшінші жұбайы.  Трамптың бес баласы бар.

Forbes Дональд Трампттың байлығын 4,5 миллиард долларға бағалайды. Ол АҚШ-тың ең бай адамдары рейтингінде 113-орынды иеленді. Ал әлемнің ең бай адамдарының тізімінде Трамп 324-ші орында тұр.

Жаңалықтар
0