Әлем

Берлиндік террорист ИМ-не адалдығының дәлелі ретінде жиенін кісі өлтіруге үгіттеген

© Sputnik / Табылды КадырбековПышақ
Пышақ - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Берлиндегі терактіні орындаушы Тунисте жиеніне туған тәтесінің күйеуін өлтіртпек болған

АСТАНА, 26 жел — Sputnik. Берлиндегі рождестволық жәрмеңке кезінде адамдарды қаққан Анис Амри Ислам мемлекетіне (ИМ, Қазақстанда, Ресейде және басқа елдерде тыйым салынған) адалдығының дәлелі ретінде жиенін кісі өлтіруге мәжбүрлеген деп хабарлайды РИА Новости.

Жедел жәрдем - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Берлиндегі төтенше оқиға: жүк көлігі бір топ адамды қағып кетті

Тунис полициясының берген мәлімет бойынша, Амри теракт алдында жиенін Еуропаға әкелу үшін ақша жіберген. Сонымен қатар, террорист ИМ-не адалдығының дәлелі ретінде Фадиді Амридің үлкен әпкесінің күйеуін өлтіруге итермелеген.

Бұдан бұрын Тунис ІІМ Берлинде теракті жасаған Анис Амримен сыбайлас үш адамды ұстағанын хабарлаған еді. Олардың арасында Амридің жиені де болды. 

19 желтоқсан күні кешке жүк көлік Берлин орталығындағы жәрмеңкеге келген халықты қасақана қаққан болатын. Нәтижесінде 12 адам қаза тауып, 48-і ауруханаға жатқызылды. Германия билігі болған оқиғаны теракт деп атады. Рейтер агенттігінің мәліметінше, шабуылға ИМ жауапты екенін мойындаған. Бұл терактіні жасаған басты күдікті 24 жасар Тунис азаматы Анис Амри Италияда полициямен атыс кезінде қаза тапты. 

Жаңалықтар
0