Әлем

Sony Music Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы хабарлады

© Sputnik / Алексей Даничев / Медиабанкке өтуБритни Спирс
Бритни Спирс - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Twitter Sony Music-те жарияланған әншінің өлімі туралы хабарламаны танымал музыкант Боб Дилан бөлісіп үлгерді.

АСТАНА, 27 жел — Sputnik. Sony Music Global Twitter-аккаунтында танымал  америкалық әнші Бритни Спирстің қайтыс болуы туралы жазба пайда болып, сосын бірден жоқ болып кетті, деп жазады The Independent

"Жаның жай тапсын, Бритни Спирс", деген жазба қалдырылған. Сондай-ақ жылап тұрған смайлик пен туған күні мен "қайтыс болған" уақыты көрсетілген. 

Кейіннен тағы бір твит пайда болып, онда әншінің өлімі туралы хабарламаның кездейсоқ екені және компанияның бұл туралы түсінік беретіні хабарланған. 

© Photo : FOTO: СКРИНШОТ Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы твит
Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы твит - Sputnik Қазақстан
Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы твит
Twitter Sony Music-те жарияланған әншінің өлімі туралы хабарламаны Нобель сыйлығының лауреаты, танымал музыкант Боб Дилан бөлісіп үлгерді. Қазіргі уақытта Бритни Спирстің қайыс болғаны туралы ақпарат Sony Music Global-да да, Диланда да жоқ. Айта кетейік, Спирстің баспасөз хатшысы әншінің тірі екенін растады. 

© Photo : FOTO: СКРИНШОТ Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығару
Бритни Спирстің қайтыс  болғаны туралы ақпаратты жоққа шығару - Sputnik Қазақстан
Бритни Спирстің қайтыс болғаны туралы ақпаратты жоққа шығару
Жаңалықтар
0