Әлем

Ауғанстан астанасында теракт болды

© AP Photo / Rahmat GulАуғанстан астанасы Кабулда теракт болды
Ауғанстан астанасы Кабулда теракт болды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жарылыс нәтижесінде Ауғанстан парламенті депутатының оққағары қаза тапты

АСТАНА, 28 жел — Sputnik. Сәрсенбі күні таңертең Ауғанстан астанасы Кабулда теракт болды, террористтер Ауғанстан парламенті мүшелерінің бірін өлтіруге оқталған дер хабарлайды РИА Новости Пажвак агенттігіне сілтеме жасап.

Стамбулдың орталық ауданында екі теракт орын алды. ТЖ орнынан кадрлар - Sputnik Қазақстан
Видео
Стамбулдың орталық ауданында екі теракт орын алды. ТЖ орнынан кадрлар

TOLO News  телеаранасы дереккөзге сілтеме жасай отырып хабарлағандай, Ауғанстан парламенті мүшесі Фаруки Бехишти автокөлігіне орнатылған жарылғыш құрылғы іске асып, нәтижесінде Фаруки жарақат алған. Сондай-ақ, оның оққағарының қаза тапқаны хабарланды.

Ауғанстандағы ахуал соңғы айларда айтарлықтай ушығып кетті. "Талибан" радикалды қозғалысы елдің ауылдық аудандарын басып алып, ірі қалаларға шабуыл жасай бастады. Сонымен қатар, ел аумағында Қазақстанда және басқа да бірқатар елдерде тыйым салынған террорлық топ "Ислам мемлекетінің" ықпалы күшейіп келеді.

Жаңалықтар
0