Әлем

Стамбулдағы терактіде қазақстандықтар зардап шеккен жоқ

© REUTERS / Murat ErginСтамбул түнгі клубындағы терактіден зардап шеккендер
Стамбул түнгі клубындағы терактіден зардап шеккендер - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Түркиядағы Қазақстан дипломаттары жергілікті құқық қорғау органдарымен байланысып, ахуалды қадағалап отыр

АСТАНА, 1 қаң — Sputnik. Бастапқы берілген мәлімет бойынша, Стамбулдағы түнгі клубта болған терактіде қаза тапқандар мен зардап шеккендердің ішінде Қазақстан азаматтары жоқ деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады - Sputnik Қазақстан
Әлем
Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады

"Бастапқы мәліметтер бойынша, зардап шеккендер мен қаза тапқандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ. Біздің дипломаттар жергілікті құқық қорғау органдары және қалалық әкімшілікпен хабарласып, қажетті деректерді анықтау жөнінде жұмыстар жүргізуде", — деп мәлімет берді Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Санта-Клаус боп киінген адам Жаңа жыл түні Стамбулдағы Reina түнгі клубында қонақтарға шабуыл жасады. Соңғы мәліметтер бойынша, шабуыл нәтижесінде 39 адам қаза тауып, 69 адам жарақат алған. Рейтер агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан 21 адамның ғана кім екені анықталды, олардың 16-сы шетелдік, бесеуі Түркия азаматтары. Түркия ІІМ болған оқиғаны теракт деп атады. Қазіргі уақытта шабуыл жасаған адам іздестірілуде. 

Жаңалықтар
0