Әлем

БАҚ: Титаник борттағы өрт салдарынан батқан болуы мүмкін

Жазылу
Бұл туралы мұрағаттық суреттерде бейнеленген кеменің қаптауындағы қара дақтар дерек береді

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Аты аңызға айналған "Титаник" кемесінің апатқа ұшырауына айсбергпен соқтығысуы ғана емес, бортта өрт шығуы себеп болуы мүмкін деп жазады РИА Новости Independent газетіне сілтеме жасап.

Александра Элбакян - Sputnik Қазақстан
Әлем
Қазақстандық қыз Nature журналы бойынша "жыл адамы" ондығына енді

Тілші Шенан Молони (Senan Molony) 30 жыл бойы кеменің апатқа ұшырау себептерін зерттеп келді. Әсіресе, кеменің инженер-электршілері Белфасттан шықпай тұрып түсірген мұрағаттық суреттерін мұқият қараған. Оның айтуынша, суреттерде кеменің қаптауынан ұзындығы тоғыз метрге жететіндей қара жолақтар байқапты. Бұл іздер кеменің айсбергпен соқтығысқан жерінде.

Газетте берілген мәлімет бойынша, жанармай қоймаларының бірінде өрт шыққандығын мамандар да растап отыр екен. Зерттеушілердің сөзіне сүйенсек, кемеде шыққан өрт бірнеше апталарға созылуы мүмкін. 12 адамнан құралған топ өртті сөндіруге тырысқанымен, еш нәтиже бермегенге ұқсайды.

Басылымның дерегіне сәйкес, өрт шығуы салдарынан кеменің қаптауы қатты қызып, жұқарып кеткен, соның салдарынан айсбергпен соқтығысқан кезде үлкен ойық пайда болған. Осылайша, Молонидің сөзіне сенсек, "Титаниктің" батуына айсбергпен соқтығысуы ғана емес, өрт те себеп болуы мүмкін.

Жаңалықтар
0