00:47 24 Қаңтар 2017
Тікелей эфир
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі

Қазақстан алғаш рет БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысына қатысты

РИА Новости
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
13 0 0

Қазақстанның төрағалығымен Сомали және Эритрея жөніндегі, сондай-ақ террорлық топтарға қарсы күрес туралы БҰҰ ҚК комитеттерінің отырыстары өтеді

АСТАНА, 4 қаң – Sputnik. Үшінші қаңтарда Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі құқығы бойынша Кеңестің 2017 жылғы алғашқы отырысына қатысты деп хабарлады ҚР сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Отырыс барысында Қауіпсіздік кеңестің 2017 жылғы қаңтарға арналған жұмыс бағдарламасы бекітілді. Қазақстан делегациясына Қазақстан Республикасының істерінің сенім білдірілген уақытша өкілі Барлыбай Садықов басшылық етті.

Қазақстанның төрағалығымен БҰҰ ҚК Комитеттерінің Сомали мен Эритерия жөніндегі және террорлық топтарға қарсы күрес туралы отырыстары өтеді.


Басты тақырыптар