Әлем

СІМ Стамбулда қазақстандықтар ұсталды деген ақпаратты тексеруде

© REUTERS / Osman OrsalТүркия қауіпсіздік қызметі
Түркия қауіпсіздік қызметі - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстандық дипломаттар Стамбулда түнгі клубта болған терактіден соң ұсталған 40 адамның ішінде Қазақстан азаматтарының бар-жоғын тексеруде

АСТАНА, 5 қаң – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі Стамбулда түнгі клубта болған теракті ісі бойынша қазақстандықтар ұсталды-мыс деген ақпаратты тексеруде деп хабарлады ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

"Біз қазір ұсталғандардың арасында қазақстандықтар болуы мүмкін деген түрік БАҚ мәліметін тексеріп жатырмыз", — деді Жайнақов.

Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады - Sputnik Қазақстан
Әлем
Стамбулда Санта-Клаус боп киінген адам 39 адамды атып тастады

Dogan түрік агенттігі хабарлағандай, Түркияның құқық қорғау органдары қызметкерлері "Ислам мемлекетімен" байланысы бар және Стамбулдағы түнгі клубта болған терактіге қатысты деген күдікке ілінген 40 адамды ұстады.

Агенттіктің мәліметінше, ұсталғандардың арасында 20 бала бар, олардың көпшілігі Дағыстан, Шығыс Түркістан және Қырғызстан елдерінен. 

Жаңалықтар
0