Әлем

Ту-154 әуе апатының құрбандары арасынан Доктор Лизаның денесі анықталды

© Sputnik / Нина Зотина / Медиабанкке өтуЕлизавета Глинка
Елизавета Глинка - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қайырымдылық қор басшысы Елизавета Глинканың жерлеу рәсімі 16 қаңтарда өтеді деп жоспарланып отыр

АСТАНА, 13 қаң — Sputnik. Сочи жағалауынан табылған Ту-154 ұшағының апаты құрбандары арасынан көпшілікке Доктор Лиза атымен танымал Елизавета Глинканың денесі анықталды, деп хабарлады РИА Новости агенттігіне "Әділетті көмек" қорындағы дереккөзі.

"Оны анықтады, жерлеу шамамен дүйсенбіде өтеді", — деп хабарлады агенттікпен әңгімелесуші.

2016 жылғы 25 желтоқсан күні таңертең Мәскеуден Сирияға ұшқан Қорғаныс министрлігінің Ту-154 ұшағы Қара теңізде апатқа ұшырады. 

Ұшақтың бортында 93 адам болған – сегіз экипаж мүшелері мен 85 жолаушылар, олардың ішінде сегіз әскери қызметкер, Александров атындағы ән және би ансамблінің 65 әртісі болған. Олар РФ ӘҒК-нің әуе тобын Жаңа жылмен құттықтау үшін Сириядағы Хмеймим әуе базасына бара жатқан.

Сонымен қатар, жолаушылар арасында Ресей БАҚ-ның тоғыз өкілі, "Справедливая помощь" қайырымдылық қорының басшысы, Доктор Лиза деген атпен белгілі Елизавета Глинка, екі федералдық мемлекеттік қызметкер болған.


Жаңалықтар
0