Әлем

Таиландта Балалар күніне арналған әуе шоуы кезінде жойғыш апатқа ұшырады

© Photo : Кадр видеоJas 39C Gripen жойғыш
Jas 39C Gripen жойғыш - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұшқыш қаза тапты, өзге зардап шеккендер туралы ешқандай хабар жоқ, болған оқиғаның анық-қанығы тергелуде

АСТАНА, 14 қаң — Sputnik. Таиланд әуе ғарыштық күштерінің жойғышы Балалар күніне арнайы өткізілген әуе шоуы кезінде апатқа ұшырады деп жазады РИА Новости Bangkok Post басылымына сілтеме жасап.

Ұшақ апаты Сонгкхла Хатъяй провинциясының ірі қаласында жергілікті уақыт бойынша 9:27-де болған. Jas 39C Gripen ұшағы кенеттен шабуыл жасау тәсілін көрсету барысында ұшу-қону жолағына құлап түсті, ұшқыш қаза тапты.

Болған оқиғадан соң, жергілікті әуежай жабылды. Елдің премьер-министрі, генерал Прают Чан-Оча қаза тапқан ұшқыштың отбасына көңіл айтты.

Жаңалықтар
0