Әлем

Түркия парламенті президенттік басқару формасына өтуді мақұлдады

© Sputnik / Сергей Гунеев / Медиабанкке өтуТүркия президенті Тайып Эрдоған
Түркия президенті Тайып Эрдоған - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттік басқару формасына өтуді түркиялық парламентпен мақұлданған заң референдумға шығарылатын болады

АСТАНА, 21 қаң – Sputnik. Түркия парламенті басым дауыспен президенттік басқару ормасына өтуді қарастыратын конституцияға бірқатар түзетулерді мақұлдады, дегенді білдіреді, деп жеткізеді РИА Новости. 

18 баптан тұратын заңды қабылдауға 339 депутат қолдап дауыс берді. Заң референдумға шығарылды. Ол соңғы шешім қабылдайтын болады. 

"Депутаттарға жасалған жұмыс үшін алғыс білдіремін, енді сөз халықта", — деді Түркия премьері Бинали Йылдыррым парламент депутаттарына қарата. 

Түркия президенті Тайып Эрдоған алдағы күндері заңға қол қояды деп күтіледі. Одан кейін ол референдумға шығарылады. Референдум заң мәтіні жарияланғаннан соң 60 күннен кейін өтеді. 

Түркия Республикасы құрылған сәттен бастап, 1923 жылдан бері әрекет етіп жатқан  парламенттіктің орнына президенттік басқару жүйесін енгізуді қарастыратын негізгі заңға өзгерістер жобасын парламентке басқарушы Әділеттікк және даму партиясы енгізді. 


Жаңалықтар
0