Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германия мен Ұлыбритания Украина қорғанысына инвестиция көлемін арттырады

© REUTERS / Gleb GaranichПоказывающие полдень часы на фоне опустевшей площади Майдан Независимости в Киеве в период пандемии коронавируса
Показывающие полдень часы на фоне опустевшей площади Майдан Независимости в Киеве в период пандемии коронавируса - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Сондай-ақ құжатта тараптар украин тікұшақтарына қатысты мәселелерді, соның ішінде оқыту мен техникалық қызмет көрсетуді күшейтуге келісті
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Германия мен Ұлыбритания Украинаға қорғаныс қызметтеріне инвестиция салуды кеңейтуге ниетті. Германия канцлері Олаф Шольц пен премьер-министр Риши Сунактың сәрсенбі күні Берлинде өткен кездесуінен кейін қабылданған екі тарап арасындағы қауіпсіздік және қорғаныс мәселелері жөніндегі бірлескен келісімде осылай деп жазылған. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.
"Біз Украинаның әскери-өнеркәсіптік базасын одан әрі нығайту үшін бірлескен кәсіпорын қызметін және қорғаныс қызметтері мен өндірісіне инвестицияларды кеңейтуге ұмтыламыз", - деп жазды мәлімдеме авторлары.
Сондай-ақ құжатта тараптар Киевке көмек көрсету бойынша күш-жігерді, оның ішінде украин тікұшақтарына қатысты мәселелерді, соның ішінде оқыту мен техникалық қызмет көрсетуді күшейтуге келісті.
"Ұлыбритания мен Германия "Әуе қорғанысына қарсы жедел әрекет ету" бастамасының және "Украинаға арналған халықаралық қордың" әсерін барынша арттыру үшін бірге жұмыс істейді", - деп жазылған келісімде.
Жаңалықтар
0