Тәжікстан жөнелткен гуманитарлық көмек Ақтөбеге жеткізілді

© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
Тәжікстан үкіметі елімізге 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді, Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ақтөбеге Тәжікстан Республикасы жөнелткен гуманитарлық көмек келді. Көрші мемлекет әртүрлі құрылыс материалдары бар бірнеше вагон жіберген, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
Гуманитарная помощь из Таджикистана пришла в Актюбинскую область  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
Тәжікстан үкіметі табиғи апаттан зардап шеккен еліміздің тоғыз облысына 50 вагон гуманитарлық көмек жеткізді. Жүктің жалпы салмағы – 2 518 тонна.
"Ақтөбе облысына 9 вагон бөлінді, оның ішінде 27 360 литр ауыз суы, 5400 дана асбест-цемент шифері, 60 тонна шеге, 70 тонна ағаш материал, 240 тонна цемент бар", - деп жазылған хабарламада.
Бұл көмек су тасқыны салдарынан зардап шеккен отбасыларға қолдау ретінде бағытталып отыр.
© Photo : Пресс-служба акима Актюбинской области Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
Гуманитарная помощь из Таджикистана пришла в Актюбинскую область  - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Ақтөбе облысына Тәжікстаннан гуманитарлық көмек келді
Айта кетері, гуманитарлық көмекті қабылдау мен түсіруге әскери қызметшілер жұмылдырылды.
Президент встретился с эвакуированными жителями СКО - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2024
Үкімет тасқын салдарынан зардап шеккендерге қосымша көмек көрсету тетіктерін түсіндірді
Жаңалықтар
0