Ұлыбритания сыртқы істер министрі Тоқаевқа алғыс айтты

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаКасым-Жомарт Токаев и Дэвид Кэмерон
Касым-Жомарт Токаев и Дэвид Кэмерон - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2024
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Дэвид Кэмерон қонақжайлық танытқаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтты, деп хабарлайды Ақорда.
Сондай-ақ Ұлыбритания премьер-министрі ретінде Қазақстанға жасаған алғашқы сапарын ықыласпен еске алды
"Мен мұнда 11 жыл бұрын екі ел арасындағы стратегиялық диалогты бастау үшін келген едім. Бүгін Қазақстанның Сыртқы істер министрімен Стратегиялық серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойдық. Энергетика, білім, бизнес және мәдениет салаларындағы ынтымақтастықты нығайтуға және халықтар арасындағы байланыстарды өркендетуге ниеттіміз", – деді Ұлыбритания сыртқы істер министрі.
Әңгімелесу барысында мәдени-гуманитарлық байланыстарды тереңдету, әсіресе, білім беру саласы мен жастарды қолдау ісіне ерекше назар аударылды.
Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дэвид Кэмерон өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасты.
Жаңалықтар
0