Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Келіссөз 2025 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайды – Украина қорғаныс министрлігі

© Sputnik / Алексей ФурманКиев, қала келбеті
Киев, қала келбеті - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.05.2024
Жазылу
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Украина қорғаныс министрлігі Бас барлау басқармасы басшысының орынбасары Вадим Скибицкий өз сұхбатында Украинадағы жағдай қақтығыстың алғашқы күндеріндегідей қиын және бұл жағдай бұдан әрі нашарлауы мүмкін екенін атап өтті.
Economist басылымына берген сұхбатында ол қазір екі тарап та "ең тиімді позиция" үшін күресіп жатыр деген пікірін білдірді.
"Бірақ толыққанды келіссөздер 2025 жылдың екінші жартысынан ерте басталмайды", - деп келтіреді басылым Бас барлау басқармасы басшысы орынбасарының болжамын.
Мәскеу келіссөздерге дайын екенін бірнеше рет айтты, бірақ Киев оларға заңнамалық деңгейде тыйым салған.
Бұған дейін Кремль Украинадағы жағдайды бейбіт жолмен шешуге көшу үшін ешқандай алғышарт жоқ және қазір Мәскеу үшін арнайы әскери операция мақсаттарына қол жеткізу маңызды деп мәлімдеген. Кремль Мәскеудің барлық талабы мен қазіргі шынайы ахуал ескерілген жағдайда ғана Украинадағы қақтығыс бейбіт бағытқа ауысуы мүмкін деп айтты.
Украинаның ұрыс даласындағы болашағына баға берген Скибицкий жағдайдың алғашқы күндердегідей қиын екенін және бұдан да қиындауы мүмкін екенін айтты.
Жаңалықтар
0