АҚШ азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты

© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Америка азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
Америка азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Джефф Шайнгольдтың әкесі Тереңөзек ауданында тұрған, 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Қызылорда облысының полицейлері АҚШ азаматына Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Қазақстанда тұрған ата-анасының архивтегі құжаттарын табуға көмектесті, деп хабарлады Polisia.kz.
Америкалық Джефф Шайнгольд Қызылорда облысының полиция департаментіне әкесі туралы мәлімет сұрап жүгінді. Оның әкесі Тереңөзек ауданында тұрған (қазіргі Сырдария) және 1943 жылы қуғын-сүргін кезінде қамауға алынған, ұлты еврей.
© Photo : Ішкі істер министрлігінің ведомстволық сайты Америка азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
Америка азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Америка азаматы Қазақстаннан ата-анасының 80 жыл бұрынғы құжаттарын тапты
Полиция мұрағатында ұлының өтініші бойынша жан-жақты іздеу жұмыстары жүргізілді.
Ер адам ата-анасы1942 жылы Қазақстанда Ұлы Отан соғысы кезінде тұрғанын 2022 жылы білгенін атап өтті.
"Олар Польшадан нацистерден қашқан. Бізде сот хаттамасынан басқа мәліметтер болған жоқ. Іздеу нәтижесінде мұрағатта 80 жылға жуық сақталған құжаттар табылды. Олар менің ата-анам мен №6 ауылда жерленген ағама қатысты құжаттар. Полицейлердің арқасында біз олардың 1942 жылдан 1946 жылға дейін өмірлерінен біршама мағлұмат алдық", – дейді Джефф Шайнгольд.
Қазақстанға келген шетелдік ерлі-зайыпты ата-анасы ғұмыр кешкен қазақ жеріне және ағасы жерленген зиратқа барып, тағзым етті.
Жаңалықтар
0