"Сол түні сынақтан өтпедім": Бишімбаев соттағы соңғы сөзінде не деді

Куандык Бишимбаев - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Жазылу
Сотталушы өз ата-анасынан, туыстарынан және балаларынан да кешірім сұрады
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Экс-министр Қуандық Бишімбаев соттағы соңғы сөзін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Экс-министр өз сөзін қағазға жазып алып келді. Ал кіріспесінде құдіретті күштің бар екенін және адам баласы күнде сынақтан өтіп тұратынын айтты.
"Сол күні, сол түні мен ол сынақтан өтпедім. Менің бойымда және әрбір адамда бар жақсы қасиеттің бәрін қорлап тастадым. Бұны терең түсінемін, уайымдаймын, күнде өкінемін. Менің әрекетім сүйікті адамымның өліміне себеп болды, оның ата-анасы, отбасы мен достарының қайғысына себеп болды. Мен олардан тағы да кешірім сұраймын. Осы оқиға елең еткізген барлық адамнан кешірім сұраймын", - деді Бишімбаев.
Сотталушы өз ата-анасынан, туыстарынан және балаларынан да кешірім сұрады.
"Менің қателіктерім ата-анамның қартайған шағын түнертіп тастады. Олардың өміріне ұят пен қайғы әкелді, үрей мен қорқыныш әкелді. Бірақ айтайын дегенім, ата-анам да, туыстарым да кінәлі емес. Бұл тек менің кінәм, менің жүгім. Мен ешкімге және ешқашан өлім тілеген емеспін. Оны анық айта аламын. Сол күні жұбайымның өлімін тілеген жоқпын. Олай болады деп ойлаған жоқпын. Құрметті алқабилер, мен кінәлімін, бірақ қасақана адам өлтіргенімүшін емес", - деп атап өтті экс-министр.

В специализированном межрайонном суде по уголовным делам Астаны продолжается главное судебное разбирательство по делу экс-министра национальной экономики Казахстана Куандыка Бишимбаева - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2024
Бишімбаев пен Байжановтың соттағы соңғы сөзі – онлайн-трансляция
Жаңалықтар
0