Саясат

Ақорда: Назарбаев Әзербайжан мен Арменияға бармайды

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуНұрсұлтан Назарбаев
Нұрсұлтан Назарбаев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Сейсенбі күні Ақорда Назарбаевқа суық тиіп, емделіп жатыр деп хабарлаған болатын.

АСТАНА, 12 қаз — Sputnik.  Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа суық тигендіктен, Әзербайжан мен Арменияға іссапармен бармайтын болды деп хабарлады Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай.

Сейсенбі күні Ақорда Назарбаевқа суық тиіп, емделіп жатыр деп хабарлаған болатын.

"Біраз өзгерістер енгізілді, осы аптаның соңына дейін Елбасы халықаралық шараларға қатыспайды. ҰҚК аясында Ереван қаласында өтетін отырыстарға Қазақстан Республикасының премьер-министрі қатысады", — деді Үкібай Ақорданың Facebook парақшасындағы мәлімдемесінде.

Оның мәліметінше, президенттің кейінгі қызметі әдеттегі жұмыс тәртібі бойынша жалғасады. 

Баспасөз хатшысы президенттің суық тиюге байланысты жоспарлы емдеуден өтіп жатқандығын атап өтті. Жалпы айтқанда, Елбасының денсаулығы жақсы, ешқандай алаңдаушылық туғызбайды. 


Жаңалықтар
0