Оқиға

"Жетісу" қонақ үйіндегі өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ

© Sputnik"Жетісу" қонақ үйіндегі өрт
Жетісу қонақ үйіндегі өрт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өртті сөндіруге Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің 28 көлігі мен жеке құрамынан 130 адам қатыстырылған.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. Алматы қаласында "Жетісу" қонақ үйінде шыққан өрт сөндірілді, жалпы ауданы 3500 шаршы метрді қамтыды, зардап шеккендер жоқ деп хабарлады Қазақстан ІІМ ТЖ бойынша Комитеттің ресми өкілі Руслан Иманқұлов Sputnik Қазақстан агенттігіне.

Гостиница Жетісу горит в Алматы - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматы орталығында қонақ үй өртеніп жатыр

"19:42 де қонақ үйдің шатыры тұтанған. Ғимаратты 70 жұмысшы өз бетімен тастап, қонақ үй маңында орналасқан кафеден 50 адам қауіпсіз жерге шығарылды. Өрт 20:52-де ауыздықталып, 21:38-де сөндірілді. Жалпы ауданы 3500 шаршы метрді құрайды. Өрт салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ", — деді Иманқұлов.

Оның мәліметінше, өртті сөндіруге  Алматы қаласы ТЖД өрт сөндіру және апаттан құтқару қызметінің 28 көлігі мен жеке құрамынан 130 адам қатыстырылған. 

Бұдан бұрын айтылғандай, "Жетісу" қонақ үйі соңғы кездері жұмыс істемеген, қазанның басында демонтаж жұмыстары басталған.

Қонақ үйден қашып шыққан жұмысшылардың Sputnik агенттігі тілшісіне айтуы бойынша, өрт шатырда мөлшермен дәнекерлеу жұмыстары жүргізіліп жатқан жерде басталған.

Жаңалықтар
0