Саясат

ХҒТО штаб-пәтерін Астанаға көшіреді

© SputnikАстана
Астана - Sputnik Қазақстан
Жазылу
2010 жылы Ресей ХҒТО туралы келісімнен шығып, штаб-пәтерді Мәскеуден көшіру мәселесі туындады.

АСТАНА, 13 қаз — Sputnik. ҚР парламенті сенатының депутаттары Халықаралық ғылыми-техникалық орталықтың қызметін жалғастыру туралы келісімнің ратификациясы жайында заң қабылдады дейді Sputnik Қазақстан тілшісі.

Келісім 2015 жылы 9 желтоқсанда жасалған болатын. Келісімге қол қойылғаннан соң Қазақстан ресми түрде қабылдаушы ел болып, ХҒТО штаб-пәтері Астанадағы "Назарбаев Университеті" ғимаратына көшірілген еді. 

Бұдан бұрын ҚР СІМ хабарлағандай, бастапқы кезеңде келісім Еуропалық одақ, Ресей, АҚШ және Жапония арасында жасалған болатын, кейін оған Армения, Грузия, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Норвегия, Корея және Тәжікстан қосылды. 2010 жылы Ресей ХҒТО туралы келісімнен шығып, штаб-пәтерді Мәскеуден көшіру мәселесі туындаған еді.

ҚР білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиевтің айтуынша, орталық өз қызметін екі бағытта атқарады: ғылыми-техникалық жобаларға грант бөлу және семинарлар өткізу. Қазіргі уақытта орталық ақысыз негізде "Назарбаев Университеті" ғимаратында орналасқан, барлық шығындарды осы жоғары оқу орны төлейді.


Жаңалықтар
0