Әлем

Қытайда үш көзі, екі танауы бар торай туылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуТорайлар
Торайлар - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жануар Қытайдың оңтүстік батысында туылды. Оны қолдан емізіп тамақтандырады.

АСТАНА, 18 қаз — Sputnik. Қытайда үш көзі, екі танауы бар торай туылды деп хабарлайды РИА Новости Синьхуа агенттігінің Twitter парақшасына сілтемемен.

Торай елдің оңтүстік батысындағы фермалардың бірінде дүниеге келген.

"Әуелі одан қорқатынмын, кейін бір түрлі сүйкімді сияқты көрінді", — деді жануардың иесі Хэ Жусянь агенттікке.

Агенттіктің айтуынша, иесі торайды бөтелкемен емізеді екен, өйткені өз бетінше тамақтануы қиын көрінеді. Агенттік жариялаған кадрларға қарасақ, торайдың өзге жануарлардан әлдеқайда кішкентай екенін байқаймыз. 

Жаңалықтар
0