Оқиға

Ақмола облысында автобус жыраға құлап, 12 адам зардап шекті

© Photo : ДЧС Акмолинской областиАвтобус жыраға құлады
Автобус жыраға құлады - Sputnik Қазақстан
Жазылу
ЖКО 25 қазан күні қ "Алматы-Екатеринбург" тас жолында орын алды. Автобуста 15 адам болған.

АСТАНА, 26 қаз — Sputnik. Ақмола облысында қалааралық автобус жыраға құлап, 12 адам зардап шекті, деп хабарлады Sputnik Қазақстанға ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің облыстық департаментінде. 

Ведомствоның ақпаратына сәйкес, атап өткен сейсенбі күні Аршалы ауданында орын алған. Республикалық "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1347 шақырымында "Жезқазған-Астана" бағытындағы автобус аударылусыз жыраға түсіп кеткен. 

Салонда 15 адам болған. Оқиға салдарынан 12 адам түрлі жарақат алған, оның арасында жүргізуші де бар. Олар ауруханаға жеткізілді. 

Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін бір адам ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнына жедел апаттық қызметтер барған. 


Жаңалықтар
0