Саясат

Назарбаев Ресей-Жапония қарым-қатынасы туралы сөз қозғады

© Photo : Официальный сайт АкордыҚазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио корпорациясы мен "Киодо Цусин" ақпараттық агенттігіне сұхбат берді
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио корпорациясы мен Киодо Цусин ақпараттық агенттігіне сұхбат берді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев NHK телерадио корпорациясы мен "Киодо Цусин" ақпараттық агенттігіне берген сұхбатында Ресей мен Жапония арасындағы түйткілді мәселелер екі елдің өзара сенімді қарым-қатынасы аясында шешімін табуы мүмкін екендігін айтты.

АСТАНА, 3 қар— Sputnik.  Қазақстан президентінің Ресей мен Жапония ынтымақтастығының әлеуеті туралы айтқан пікірі түсірілген бейнежазба Ақорданың Facebook желісіндегі ресми парақшасында жарияланды. 

Нұрсұлтан Назарбаевтың пікірінше, екі елдің арақатынасы реттелуі үшін сенімді қарым-қатынас орнатылып, достық, өзара сауда және тағы басқа мәселелер бойынша екі жақты келісімдер жасалуы тиіс.  Қазақстан президентінің айтуынша, "қазір бұл жұмыс дұрыс бағытта жүріп жатыр". 

Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Жапония арасындағы өзара қарым-қатынастар перспективаларын, оның ішінде ядролық қаруды таратпау саласы бойынша ынтымақтастық туралы хабарлады. 


Жаңалықтар
0