Қоғам

Кейкі батырдың сүйегі Қостанай облысында жерленеді

© Photo : Личный архив Мухамбедрахима СпандияроваҚостанай облысындағы Кейкі батыр мазары
Қостанай облысындағы Кейкі батыр мазары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Батырды туған жерінде жерлеуге шешім қабылданды. Ол – Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылы.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Ресейдегі мұражайдан қайтарылған Кейкі батырдың бассүйегі батырдың туған жері – Қостанай облысында жерленеді деп хабарлады сенат депутаты Серік Ақылбай.

ҚР орталық мемлекеттік мұражайы - Sputnik Қазақстан
Мәдениет
Мәдениет министрі: Кейкі батырдың бассүйегі Алматыда

"Иә, Кейкі батырды жерлеуге қатысты мәселе шешілді. Жақында аты аңызға айналған батырды жерлеу рәсімін ұйымдастыру бойынша құрылған мемлекеттік комиссияның отырысы болды. Батырды туған жерінде жерлеуге шешім қабылданды. Ол – Қостанай облысы Амангелді ауданы Тасты ауылы", — деді Ақылбай дүйсенбі күні тілшілерге. 

Бұдан бұрын батырдың туған-туыстары оған арнап мазар салған еді, бірақ, сенатордың айтуынша, "ол сәл жұпыны көрінеді".

"Кейкі батыр тұлғасының біздің еліміз үшін орны ерекше екенін ескере отырып, жастарымыздың отанға деген сүйіспеншілігін арттыру үшін комиссия Кейкі батыр мемориалын салып, жерлеу рәсімін салтанатты түрде өткізуге шешім шығарды", — деді Ақылбай. 

Жаңалықтар
0