Саясат

Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті

© Photo : Официальный сайт АкордыНазарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті
Назарбаев Жапония императоры Акихитомен кездесті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Кездесу барысында Қазақстан мен Жапония арасындағы қазіргі қарым-қатынастың ахуалы және оны алдағы уақытта қарқынды дамыту перспективалары талқыланды.

АСТАНА, 7 қар – Sputnik. Нұрсұлтан Назарбаев екі елдің түрлі саладағы өзара іс-қимылына, соның ішінде Жапонияның Астанада өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне тұрақты түрде қатысып келе жатқанына тоқталып, бұл елмен халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, атап айтқанда, ядролық қаруды таратпау және қарусыздану саласында сенімді серіктестік орнағанын айтты деп хабарлады Ақорда ресми сайты.

Семей ядролық полигоны - Sputnik Қазақстан
Саясат
Елбасы ядролық оқтұмсықтардан бас тартудың шынайы себептерін атады

Қазақстан Президенті жаһандық қақтығыстарды реттеуге және өңірдің тұрақты дамуына ықпал етуге Жапонияның баға жетпес үлес қосқанын атап өтті. Бұдан бөлек, Нұрсұлтан Назарбаев 2017-2018 жылдары еліміз БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесінің тұрақты емес мүшесі ретінде жауапты миссия атқару барысында ядролық қарусыз әлем қалыптастыру, энергетика, азық-түлік және су қауіпсіздігі мәселелерін шешуге бағытталған шараларды қолға алатынын жеткізді.

Бұдан бөлек, Елбасы Tokyo Rope компаниясы қызметімен танысып, шығарған өнімдерін көрді. Нұрсұлтан Назарбаев телекөпір арқылы Қазақстандағы болат бұйымдар шығаратын «Токио Роуп Алматы» зауытын салтанатты түрде іске қосу шарасына қатысты.

Алматы қаласында орналасқан бұл кәсіпорын металдан жасалатын түрлі өнім, соның ішінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оның салдарын жою үшін пайдаланылатын габион жүйесін (торкөз қалқаншалар) жасау үшін аса берік торлар шығарады.

Зауыттың бірінші кезеңдегі жобалық қуаты 5 тонна металл бұйымын шығаруға жетеді, оның мүмкіндігі алдағы уақытта ұлғайтылмақ. Кәсіпорын өнімі Қазақстанда ғана емес, сонымен бірге таяу және алыс шетелге де сатылады деп жоспарланып отыр.

Tokyo Rope компаниясы – жоғары технологиялы болат арқандар, көпір кермесін, автошиналардың металл өзектерін, күн энергетикасын өткізуге арналған сымдар және басқа да металл бұйымдарын шығаратын әлемдегі көшбасшы кәсіпорынның бірі.

© Photo : Ақорда ресми сайтыҚазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды - Sputnik Қазақстан
1/2
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
© Photo : Ақорда ресми сайтыҚазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды - Sputnik Қазақстан
2/2
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
1/2
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
2/2
Қазақстан президенті Tokyo Rope компаниясына барды
Жаңалықтар
0