Спорт

Путинцева Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды

© Photo : Федерация тенниса КазахстанаЮлия Путинцева
Юлия Путинцева - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әйелдер теннис ассоциациясы рейтингінің бірінші жүздігінде (WTA) Юлия Путинцева отандасы Ярослава Шевдованы басып озды.

АСТАНА, 14 қар — Sputnik.  Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева дүйсенбі күні Қазақстанның бірінші ракеткасы атағын қайтарып алды.

Ярослава Шведова - Sputnik Қазақстан
Спорт
Шведова Қазақстанның бірінші ракеткасы атанды

Дүйсенбі күні жаңартылған Әйелдер теннис ассоциациясы бойынша жеке разрядтық рейтингте Путинцева 34-орынан 33-орынға көтерілді, Шведова 33-орыннан 36-орынға түсіп қалды. Екінші жүздікте қазақстандық Зарина Дияс  148-ші орнын сақтады. Төртінші жүздікте Камила Керімбаева 328-орыннан 331-ші орынға түсіп қалса, Галина Воскобоева бір саты төмендеп 372-ші болды. 

Жеке разряд рейтингінде бірінші орында неміс теннисшісі Ангелик Кербер, екінші орында америкалық Серена Уильямс, үшінші орында – польшалық Агнешка Радьваньска.

Жұптық разряд рейтингінде Шведова 14-орында қалды. Воскобоева екінші жүздікте 172-шіден 170-орынға көтерілді. Путинцева төртінші жүздікте  335-ші орыннан 337-орынға төмендесе, Камила Керимбаева 352-ші орыннан 341-орынға көтерілді. Дияс екі сатыға көтеріліп, 357-ші болды.

Әйелдер жұптық разряды бойынша рейтингтің басында үнді қызы Сания Мирза тұр, екінші орында – француз Каролин Гарсия, үшінші орында  – француз Кристина Младенович түсті.

Жаңалықтар
0