Қоғам

WhatsApp бейнебайланыс енгізіп жатыр

© Еркен СалиховҰялы телефон
Ұялы телефон - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жаңа қызмет 180 елде жұмыс істейтін болады. Жасаушылар бейнебайланыстың қымбат емес телефондарында да жақсы жұмыс істеуіне барын салды.

АСТАНА, 16 қар — Sputnik. WhatsApp мессенджері жақын күндері бейне қоңыраулар қызметін іске қосады, деп жазады РИА Новости

"Бүгін біз адамдарды жақындастыру әрекетіміздегі келесі қадам – WhatsApp-тағы бейне қоңыраулар туралы жариялағанымызға қуаныштымыз. Жақын күндері бір миллиардтан астам WhatsApp пайдаланушылары бейне қоңыраулар шала алады", — делінген мессенджердің корпоративті блогының хабарламасында. 

Жоба авторы 15 жасар Бэла Темиева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Цукербергке берер жауабымыз: Астаналық оқушы жасөспірімдерге арналған әлеуметтік желі ойлап тапты

Бейне қоңыраулар толық шифрланады, деп жазады Reuters агенттігі. WhatsApp негізін қалаушылардың бірі Ян Кум агенттікке берген сұхбатында қызметтің 180 елде пайда болатынын хабарлаған. 

"Біз дауысты және бейне байланыстың бағасы төмен телефондарда да жақсы жұмыс істеуіне бар ынтамызды салып отырмыз", — деп келтіреді агенттік Кумның сөзін. 

WhatsApp – әлемдегі ең ірі әрі танымал мобильді мессенджер саналады. Оның көмегімен мобильді телефон қолданушылары бір-бірімен хабарлама, сурет, бейнероликтер және дыбыс файлдарымен жылдам алмаса алады.
Жаңалықтар
0