Спорт

ЖХЛ жүйелі кестесін "Торпедо" бастады

© Photo : Официальный сайт ХК "Торпедо"Өскемендік "Торпедо"
Өскемендік Торпедо - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өскемендік "Торпедо" Жоғары хоккей лигасының жүйелі маусымындағы көшпелі мачта жексенбі күнгі жеңісінен кейін ЖХЛ-дың көшбасшысы болды.

АСТАНА, 5 жел – Sputnik. Өскемендік хоккей клубы "Торпедо" жексенбі күні Жоғары хоккей лигасының жүйелі маусымының кестесінде екінші орыннан бірінші қатарға көтерілді. 

Жексенбі күні Альметьевскіде  өскемендіктер жергілікті "Нефтехимикті" негізгі уақытта 3:2 есебімен жеңді. Бұл ретте бірінші кезеңнен кейін мұз иелері 2:0 есебімен жүргізді. Мұнда Андрей Демидов пен Умед Гильманов ерекшеленді. 

Екінші жиырма минутта "Торпедо" ойыншылары Максим Юшков, Константин Турукуин және Владимир Кортков қонақтарды алға шығарды. Үшінші жиырма минутта шайба салынған жоқ. 

Нәтижесінде "Торпедо" 30 мачта 62 ұпай жинап, ЖХЛ кестесін бастап отыр. Одан тверский ТХК бір баллға қалып отыр. Қарағандылық "Сарыарқа" төртінші орыннан үшінші орынға көтерілді. 


Жаңалықтар
0