Саясат

Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтары келіп түсті

© Photo : Пресс-служба Министерства обороны РКМи-171Ш тікұшақтары
Ми-171Ш тікұшақтары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Тікұшақтар заманауи қондырғымен және жаңа үлгідегі жүйелермен жабдықталған.

АСТАНА, 7 жел – Sputnik. Астана қаласының авиациялық базасында Ми-171Ш көлік-жауынгерлік тікұшақтарының кезекті партиясын салтанатты түрде күтіп алу рәсімі өтті, деп хабарлайды Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. 

Салтанатты шараға Әскери-әуе күштерінің қолбасшылығы мен Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ӘӘК-нің ардагерлері қатысты.

"Бүгін бөлім тарихындағы атаулы күн. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығында біз су жаңа тікұшақтарды алғанымызға қуаныштымыз және мақтаныш сезімдеміз. Авиациялық базаның барлық жеке құрамы атынан ұшу және инженерлік-техникалық құрам жаңа авиациялық техниканы сауатты әрі құнттап пайдаланады деп сеніммен айта аламын", — деді авиациялық базаның командирі полковник Марал Кәрімов. 

Тікұшақтар бұдан бұрын қазақстандық тарап пен "Ресей тікұшақтары" холдингі арасында жасалған келісімшартқа сәйкес келді. Бұдан бұрын авиабазаның ұшу және инженерлік-техникалық құрамы өндіруші зауытта ұшудың қайта дайындығынан өткен болатын. 

Ми-171Ш Ми-8 үлгісіндегі тікұшақтардың соңғы модификацияларының бірінен құралған. Тікұшақтың жоғары ұшу техникалық сипаттамалары және қауіпсіздік деңгейі бар. Заманауи қондырғымен және жаңа үлгідегі жүйелермен жабдықталған. Пайдалануда және қызмет көрсетуде қарапайым, Цельсия бойынша —50-ден +50 градусқа дейінгі температура мен жағдайдың кең диапазонында қолдану мүмкіндігіне, беріктілікке және көп функционалдылыққа ие. 

© Photo : Пресс-служба Министерства обороны РКМи-171Ш тікұшағы
Ми-171Ш тікұшағы - Sputnik Қазақстан
1/3
Ми-171Ш тікұшағы
© Photo : Пресс-служба Министерства обороны РКМи-171Ш тікұшағы Астананың әуе базасында
Ми-171Ш тікұшағы Астананың әуе базасында - Sputnik Қазақстан
2/3
Ми-171Ш тікұшағы Астананың әуе базасында
© Photo : Пресс-служба Министерства обороны РКҚазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтары келіп түсті
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтары келіп түсті - Sputnik Қазақстан
3/3
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтары келіп түсті
1/3
Ми-171Ш тікұшағы
2/3
Ми-171Ш тікұшағы Астананың әуе базасында
3/3
Қазақстан Әскери-әуе күштерінің жарақтандырылуына Ми-171Ш тікұшақтары келіп түсті

Десанттық-көліктік тапсырмаларды орындаудан басқа тікұшақтың аталмыш үлгісі құрлықтағы бөлімшелерді ұстап тұру, яғни, қарсыластың жанды күшін, броньды техниканы, бекітілген атыс нүктелері мен өзге де жылжымалы және жылжымайтын нысаналарды жою, десантты атыспен қолдау, әскери лектерді алып жүру, патрульдеу, іздестіру-құтқару операцияларын жүргізу үшін арналған. 


Жаңалықтар
0